Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда қонақүй алдында фотосессия ұйымдастырғандарға айыппұл салынды (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодағы кадр: instagram.com/kris_p_brothers

Алматыда еврей қауымы карантин кезінде Rixos Almaty қонақүйінің алдында топ болып фотосессия ұйымдастырды. Ұйымдастырушыларға 90 мың теңге айыппұл салынды.

Бұл туралы брифинг кезінде Алматы қаласы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова мәлімдеді деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Жақында әлеуметтік желіде Rixos Almaty қонақүйінің алдында бір топ адамның жиналғаны түсірілген видео тарады. Еврей қауымының топ болып жиналғанына байланысты көпшілік олардың карантин талаптарын бұзғанына наразылық танытты.

Қалықованың айтуынша, сол жағдайға байланысты тексеріс жүргізілді. Нәтижесінде шараны ұйымдастырушыларға 30 АЕК, яғни 87 510 теңге айыппұл салынды. Ал қонақүй басшылығының адамдардың жиналуына еш қатысы жоқ, сол себепті олар айыппұл арқаламайды.

"Бұл діни іс-шара болды. Шараны ұйымдастырып, шектеу шараларын бұзған – орталық синагога (еврейлердің ғибадатханасы – ред.). Олар шара өткізуге өтінім бермеген. Мекеме басшысына айыппұл салынды", – деді Қалықова.

Айтуынша, Rixos қонақүйі шектеу шараларын бұзбаған. Себебі жиналғандар ғимарат ішіне кірмеген, тек сыртында фотоға түскен. Қонақүй басшылығы бұл шарадан хабары болмағанын жеткізген.

Еске сала кетейік, Алматы қаласы Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова қаланың неліктен "қою қызыл" аймаққа кіргенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925152-almatyda-qonaqui-aldynda-fotosessiya-uiymdastyrgandarga-aiyppul-salyndy-video/

pixel