Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар полициясы жалған вакцина паспортын сатып алған 200 адамды іздестіріп жатыр

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: Polisia.kz

Павлодар облысының полиция қызметкерлері 200-ден астам жалған вакцина паспортын тәркіледі деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында құзырлы орган өкілдері 2021 жылдың мамыр айында қалалық емханалардың бірінде төрт медицина қызметкері вакцинация паспортын қолдан жасағанын анықтаған.

Яғни олар адамдардың коронавирусқа қарсы вакицна алғаны жайлы электрондық базаға жалған мәліметтер енгізген.

Іс-шара кезінде 200-ден астам жалған паспорт тәркіленген.

Қазір аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сонымен қатар, полиция күдіктілерден ұялы телефондары алынып, жұмыс орнында тінту жұмыстары жүргізілгенін айта кетті.

Нәтижесінде техникалар мен құжаттар тәркіленіп, тиісті сараптамалар тағайындалған.

"Қазіргі уақытта Павлодар облысының полиция департаменті жалған паспортты сатып алған және одан әрі пайдаланған адамдар тобын анықтауда. Аталған адамдарға қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізіліп, Қылмыстық кодекстің 385-бабының 3-бөлгі бойынша жалған құжатты пайдаланғаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту туралы мәселе қарастырылуда", - дейді Павлодар облысы полиция департаментінің басшысы Нұрлан Мәсімов.

Айта кетсек, бүгін президент қабылдауында болған ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев жыл басынан бері құзырлы органдар 50 жалған вакцинация паспортын және 60 жалған ПТР-анықтамасын жасау бойынша 110 қылмыстық іс қозғағанын айтқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925360-pavlodar-policiyasy-zalgan-vakcina-pasportyn-satyp-algan-200-adamdy-izdestirip-zatyr/

pixel