jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

БҒМ қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артқанын хабарлады

ЖОО
Көрнекі фото: pixabay.com

Білім және ғылым министрлігінің бастамасымен жасалған үкіметаралық келісімдер шеңберінде қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артты деп хабарлайды ведомствоның ресми сайты.

БҒМ мәліметінше, енді қазақстандықтарға Словакия, Әзірбайжан және Вьетнам елдері грант бөле бастайды.

Осылайша егер 2019 жылы білім беру саласындағы келісімдер аясында мемлекеттер тізімінде 7 ел болса, 2021 жылы олардың саны 10-ға дейін артып отыр.

Олардың қатарында Словакия, Әзірбайжан және Вьетнамнан бөлек, Венгрия, Польша, ҚХР, Украина, Беларусь, Қырғызстан және Тәжікстан бар.

Өткен екі жылда мыңға жуық қазақстандық осы елдердің жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алған. Биыл қазақстандықтарға 500-ге жуық грант бөлініп отыр.

Үкіметаралық гранттар аясында қазақстандықтар бакалавриат, магистратура, докторантура, резидентура бағдарламалары бойынша оқи алады.

"Жоғары білім беру саласындағы халықаралық ынтымақтастық кадрлық әлеуетке нәтижелі әсер етеді. Отандық жоғары оқу орындарында білім беру процесінің сапасын күшейтумен қатар, азаматтарымыздың әлемнің жетекші жоғары оқу орындарында білім алу мүмкіндігіне ие болуы үшін жағдай жасау қажет.

Біз "Болашақ" стипендиялық бағдарламасы бойынша ғана емес, үкіметаралық келісімдер шеңберінде де қазақстандықтарды тегін оқыту үшін елдер географиясын кеңейтіп жатырмыз. Қазақстанға оралғаннан кейін мамандар алған білімдерін өздері еңбек ететін саланы дамыту үшін қолданады деп үміттенеміз", – дейді білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев.

БҒМ қазақстандықтар тегін оқи алатын елдер саны артқанын хабарлады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.