Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада көше қиылысында билеген ару көптің назарын өзіне аударды (видео)

Опубликовано:

Кадр
Видеодан кадр: instagram.com/qarakz

Әлеуметтік желіде елордадағы көше қилысында бірнеше сағат бойы билеген қыздың видеосы тарап, көпшіліктің қызу талқысына түсті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі түрлі парақшаларда тарады. Билегенді ұнататын бойжеткенді оқиға орнына келген полиция қызметкерлері ғана тоқтата алған.

Полиция мәліметінше, "102-ге" Керей-Жәнібек және Мәңгілік Ел көшелерінің қиылысында бейтаныс қыздың үш сағаттан бері билеп жатқаны туралы хабар түскен.

Осыдан кейін полиция бойжеткеннің жеке басын анықтап, онымен профилактикалық әңгіме жүргізген.

Осы орайда полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларын болдырмас үшін жүргізушілердің назарын бөлмеу керектігін атап өтті.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сенсек, көше қилысында билеген ару 20 жаста. Бойжеткен Польша университетінде халықаралық менеджмент мамандығы бойынша қазіргі таңда онлайн білім алуда.

"Ол бос уақытын өте ерекше өткізгенді ұнатады екен, яғни құлаққап киіп алып, көшедегі қиылыстарда билейді. Аида бұл әрекетін адамдардың көңілін көтеру үшін жасайтынмен түсіндірген. Астаналық ару билегенді өте жақсы көреді", - дейді желдегі жазбада.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін әлеуметтік желіде орындықта күнге қыздырнып жатқан елорда тұрғынының суреті тараған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925890-elordada-kose-qiylysynda-bilegen-aru-koptin-nazaryn-ozine-audardy-video/

pixel