RU

"Ақтөбе" ФК басшысы өзі алатын жалақы мөлшерін ашып айтты

Ерлан Жамантаев
Ерлан Жамантаев. Фото: Қазақстан футбол федерациясы

"Ақтөбе" ФК басқарма төрағасы Ерлан Жамантаев футбол белсенділерімен кездесу өткізді. Бұл жерде клубтың қаржылық жағдайына қатысты сұрақтар көтерілді. Басшы өзінің жалақысының мөлшерін де жариялады деп хабарлайды "Диапазон".

Ерлан Жамантаевтан оның жалақысы қанша екенін сұрады. Басшы сұраққа ашық жауап берді.

"Мен жасырмаймын. Менің жалақым 400 мың теңге. Барлық шегерімдерді қоса алғанда, 364 мың теңге аламын", – деді Ақтөбе ФК басшысы.

Ерлан Жамантаев 2021 жылдың мамыр айының соңында футбол клубының басқарма төрағасы болып тағайындалды.

Әлемдік футбол жаңалықтарына келсек, "Барселонаның" ресми сайты таратқан ақпаратқа сәйкес, клуб Мессимен жаңа келісімшарт бойынша келісімге келген, алайда Ла Лига ережелері келісімді ратификациялауға мүмкіндік бермепті.

"Бұндай жағдайда Месси "Барселона" ойыншысы болып қалмайды. Ойыншының да, клубтың да қалағаны орындалмай қалуы қос тарап үшін өкінішті жайт болып отыр", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Мессидің "Барселонамен" соңғы келісімшарты 30 маусымда аяқталды және ол мансабында бірінші рет еркін агент атанған еді.

"Барселонамен" бірге Лео 34 кубокты жеңіп алғаны белгілі. Оның ішінде 10 рет Испания біріншілігін және төрт мәрте Чемпиондар Лигасын ұтты.

Оған қоса, "Тұран" клубы өз құрамында Мессидің болғанын қалайтынын Instagram желісі арқылы білдірді. Отандық команда әйгілі аргентиналық футболшыны өз сапына өтуге шақырды.

"Құрметті Лионель Месси сізді түркі әлемінің рухани астанасы Түркістанға шақырамыз", - деп жазылған клуб хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1925952-aqtobe-fk-bassysy-ozi-alatyn-zalaqy-molserin-asyp-aitty/