jitsu gif branding logo appbranding logo app

Отандық белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

журналист
Фото: Ерлан Қарин/Facebook

Белгілі қазақстандық журналист Қалыбек Атжан дүниеден өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды президентінің көмекшісі Ерлан Қарин Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жеткізді.

"Телевизия ардагері, белгілі журналист Қалыбек Атжан ағамыз өмірден өтті деген суыт хабар жетті. Қалеке – қазақ журналистикасының дамуына зор үлес қосып, өзіндік қолтаңбасын қалдырған ардақты азамат. Оның әрбір сюжетінен ұлттық рух пен туған елге деген жанашырлық байқалып тұратын. Қалекең бірде "Бізге керегі – халықтың арасында көбірек жүру" деген еді. Ол осы ұстанымынан айныған жоқ. Елмен етене болып, қашанда халқының сөзін сөйледі. Қалыбек ағаның жарқын бейнесі мен жасаған еңбегі әрдайым жадымызда сақталады. Қош болыңыз, қазақ телевизиясының қара нары! Рухыңыз пейіште шалқысын", - деді ол.

KAZ.NUR.KZ порталы Қалыбек Атжанның отбасы мен туыстарына көңіл айтады.

Отандық белгілі журналист Қалыбек Атжан өмірден өтті

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.