RU

Отандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды

Полицей
Көрнекі сурет: пресс-служба ДП Алматинской области

"Бипек Авто" холдингінің иесі, қазақстандық миллиардер Анатолий Балушкинге іздеу салынды. Мұндай ақпарат Бас прокуратураның ресми сайтында жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Прокуратура сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, Балушкинге ШҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті іздеу салған. Бұдан бөлек, бизнесмен қылмыскерлер тізіміне еніп отыр. "Іздеу салынған тұлғаның тергеуден жалтарғаны" атап өтілген.

Анатолий Балушкин
Скриншот: qamqor.gov.kz

Айта кетерлік жайт, Анатолий Балушкин Forbes нұсқасы бойынша Қазақстанның ең беделді бизнесмендері қатарына енген. 2020 жылы оның иелігінде 150 миллион доллар бар екені белгілі болған және ол "Азия Авто" АҚ мен "Бипек Авто Қазақстан" АҚ-ның басты акционері болып саналған.

"Азия Авто" АҚ құрамына Өскемендегі автомобильдерді құрастыру зауыты кіреді. Сонымен бірге, компанияның еліміздің үш өңірінде және Ресей мен Чехияның үш өңірінде 15 өкілдігі бар.

Еске салсақ, бұған дейін Қытайда билікті ашық сынаған миллиардер 18 жылға сотталғанын жазған едік.

Одан бөлек, Ресейдегі ең бай миллиардерлер қатарына енген Игорь Рыбаков қазақ тілінде кітап шығаруды қолға алып жатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ, Ресейлік миллиардер және "Стройлесбанктің" қожайындарының бірі Олег Бурлаков 72 жасында коронавирустан көз жұмғаны туралы жазғанбыз. Олег Бурлаков 2021 жылғы мәліметтер бойынша Ресейдегі ең бай адамдар тізімінде 166-орында тұр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926300-otandyq-milliarder-anatolii-baluskinge-izdeu-salyndy/