Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Отбасыммен екпе алуды шештім": СҚО әкімі коронавирусқа қарсы вакцина салдырды (видео)

Опубликовано:

Құмар Ақсақалов
Құмар Ақсақалов. Фото: facebook.com/qumaraksaqalov

Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов бүгін коронавирусқа қарсы вакцинаның бірінші компонентін салдырды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бұл туралы облыс әкімі Facebook желісіндегі ресми парақшасында жазды. Құмар Ақсақалов бұл шешімді дәрігерлердің кеңесінен кейін қабылдағанын алға тартты.

"Мен көктемде коронавируспен ауырып шықтым. Белгілі бір уақыт өтті, сондықтан дәрігерлер вакцина қабылдауға кеңес берді. Ауырмау үшін мен отбасыммен екпе алуды шештім. Кеше ұлым екпе алды, ертең әйелім вакцина қабылдайды.

Бүгін мен "Sputnik V" вакцинасының бірінші компонентін алдым. Мен барлығын екпе алуға шақырамын, бұл – қауіпті вируспен күресудің ең тиімді әдісі. Ауырмаңыздар!", – деп жазды облыс әкімі.

Еске салсақ, бұған дейін отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы коронавирусқа қарсы вакцина салдырғаны туралы жазған едік. Ол екпені қабылдаудың маңыздылығын атап өтіп, оны ашық түрде үгіттейтінін жеткізді.

Одан бөлек, Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың вакцина салдырған сәтінің видеосы елбасының баспасөз қызметінің YouTube парақшасында жарияланғаны туралы жазған болатынбыз.

Вакцинациядан кейін Елбасы қазақстандықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға және белсенді түрде екпе салдыруға шақырды. Тұңғыш президенттің таңдауы Қарағандыда өндірілген ресейлік "Спутний V" вакцинасына түскен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926312-otbasymmen-ekpe-aludy-sestim-sqo-akimi-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrdy-video/

pixel