jitsu gif

Грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланады: БҒМ жауабы

Тізімді қарап жатқан жастар
Көрнекі сурет: NUR.KZ / Петр Карандашов

Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін қай уақытта жариялауды жоспарлап отырғанын мәлімдеді деп жазады KAZ.NUR.KZ порталы.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, жақында білім беру гранттарын тағайындау жөніндегі республикалық комиссияның бірінші отырысы өткен. Комиссия отырысына Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиев төрағалық етті.

"Грантқа үміткерлердің өтінімдерін комиссия мүшелері қарайды. Комиссия құрамына мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері, журналистер, "Қазақстан студенттері Альянсы", Отандастар қорының өкілдері кірді. Одан кейін талапкерлердің ҰБТ-да жинаған балдарына және бекітілген ережелерге сәйкес конкурстық негізде гранттар тағайындалатын болады", - делінген баспасөз хабарламасында.

БҒМ ұсынған мәлімтеке сәйкес, биыл білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін барлығы 75 мыңнан астам өтінім берілді, бұл 2020 жылмен салыстырғанда 13 мыңға артық.

Осы орайда, министрлік грант иегерлерінің тізімі қашан жарияланатыны туралы жоспарымен бөлісті.

"Мемлекеттік білім беру гранттарын тағайындау конкурсының нәтижелерін 15 тамызға дейін жариялау жоспарланып отыр", - деп жазды баспасөз қызметі.

Айта кетсек, президенттің тапсырмасы бойынша гранттардың жалпы саны 5 мыңға артып отыр. Яғни, өткен жылы білім беру гранттарының саны 51 мың болса, биыл 56 мыңға дейін артқан. Сондай-ақ, гранттарды бөлу кезінде алғаш рет азаматтардың әлеуметтік осал санаттары үшін квоталар көзделген.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.