RU

Коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан бір үйдің үш мүшесі қайтыс болды

Екпе
Көрнекі фото: NATALIA KOLESNIKOVA/AFP via Getty Images

Португалияда коронавирусқа вакцина салдырудан бас тартқан тұтас бір отбасы қайтыс болды. Бұл туралы марқұмдардың ұлы Фрэнсис Гонсалвеш айтып берді деп жазады РИА Новости.

Фрэнсис Гонсалвештің сөзінше, анасы, әкесі мен ағасы коронавирусқа қарсы вакцина салдырудан бас тартқан.

Олар вакцинаға қарсы адамдардың насихатына ерген. Осылайша, отбасы мүшелері коронавирус жұқтырып, үшеуі де бір апта ішінде қайтыс болған.

Бұған дейін Португалия премьер-министрі Антониу Кошта елде коронавирустың төртінші толқыны басталғанын хабарлаған еді.

Тұрғындар арасында COVID-19 жұқтыру жағдайы жиілеген соң билік елдің бірқатар аудандарында, соның ішінде астанасы Лиссабонда да комендаттық сағат енгізген болатын.

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы облысында ерлі-зайыптылар пневмониядан қайтыс болғанын жазған едік.

Алматы облысы денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 32 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам пневмонияның ауыр түрімен ауруханаға түскен. Медицина қызметкерлерінің барын салғанына қарамастан, ерлі-зайыптыны құтқару мүмкін болмапты. Олар бірнеше күн айырмашылығымен көз жұмған.

Олардың артында 9, 5, 4 жастағы балалары және шұғыл жағдайда дүниеге есігін ашқан нәресте қалған.

Балалар қазір туыстарында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926433-koronavirusqa-qarsy-vakcina-saldyrudan-bas-tartqan-bir-uidin-us-musesi-qaitys-boldy/