Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Асхат Аймағамбетов: Білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталады

Жарияланған күні:

сынып
Фото: Sputnik / Стрингер

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов аппарат жиналысында білім күнінде 1-сынып оқушыларына Әліппе салтанатты түрде табысталатынын мәлімдеді деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оның сөзінше, биылғы 1 қыркүйекте жылдағыдай салтанатты іс-шара өтеді.

"Осы салтанатты шарада алғаш мектеп табылдырыған аттап жатқан 1-сынып оқушыларына Әліппені ұстатуымыз керек. Бұл - өте жақсы дәстүр. Әліппе - баланың ең алғашқы оқулығы. Сондықтан былтыр айтқандай, Әліппені дайындадық. Жалпы Әліппе дайын. Өңірлерге жеткізіліп жатыр", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Осы орайда министр Әліппе мен "Букварь" дайындалып, Ана тілі бойынша да дайындық жүргізілгенін жеткізді.

Оның айтуынша, Әліппе бойынша әдіскерлер мен ғалымдар ауқымды жұмыс атқарған.

Оқулық ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың 1912 жылғы Әліппесіндегі басты қағидат негізінде әзірлеген.

"Бұл әдістеме бойынша көп рет мәселе көтерілді. Оның негізгі ұстанымындағы дыбыспен жаттығу, әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін еске алу, буын бойынша оқу, оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту қағидасын сақтадық", - дейді Асхат Аймағамбетов.

Сонымен қатар, министр Әліппеде барлық оқу мақсаты сақталғанын атап өтті.

"Әдістемелік жағынан, баланың жас ерекшелігіне сәйкес жұмыстар жүргізіліп жатыр. Әліппені I-II тоқсанда балалар оқып, III тоқсанан бастап Ана тілін оқиды. Осы жұмысты барлық өңірлер тиісті деңгейде жүзеге асырады деп ойлаймын", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926437-asxat-aimagambetov-bilim-kuninde-1-synyp-oqusylaryna-alippe-saltanatty-turde-tabystalady/