Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңа оқу жылында елордалық оқушылар мектепке барып білім алмақ

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: qazaqstan.tv

Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы жаңа оқу жылында елордалық оқушылар қандай форматта білім алатынын айтты деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ведомствоның мәліметінше, Нұр-Сұлтанда 2021-2022 оқу жылын дәстүрлі форматта бастау жоспарлануда. Ол үшін оқушылар мен мұғалімдердің қауіпсіздігі мен денсаулығын сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр.

"Қала мектептері штатты режимде жұмыс істеген жағдайда санитарлық-эпидемиологиялық талаптар сақталатын болады. Жаңа оқу жыды басталғанша барлық білім беру мекемесіне Ashyq жүйесі орнатылады. Бұл шара білім беру орындарына карантиндік шектеулер кезеңінде оқу процесін дәстүрлі форматта жалғастыруға мүмкіндік береді", - дейді білім басқармасының баспасөз қызметі.

Сонымен біре, ведомство оқушылардың оқу форматы қаладағы эпидемиологиялық ахуалға байланысты болатынын атап өтті.

"Білім беру ұйымдары Нұр-Сұлтан қаласының бас санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жұмыс істейді", - деп қорытындылады білім басқармасы.

Еске сала кетсек, бұған дейін әлеуметтік желілерде қазақстандық оқушылар жаңа оқу жылының бірінші тоқсанында қашықтан білім алады деген ақпарат тарады. Алайда Білім және ғылым министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған болатын.

БҒМ ақпаратынша, оқыту форматы туралы шешімді коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, елдің бас мемлекеттік санитарлық дәрігері және өңірлердің бас санитарлық дәрігерлері қабылдайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926456-zana-oqu-zylynda-elordalyq-oqusylar-mektepke-baryp-bilim-almaq/

pixel