jitsu gif

Алматы әкімдігі 20 млн теңгеге кәдесый сатып алу туралы ақпаратқа пікір білдірді

Домбыра
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы әкімдігі 20 млн теңгеге кәдесый сатып алу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді. Осыған дейін БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының экс-басшысы Дидар Смағұлов мемлекеттік сатып алулар сайтында пайда болған лотқа наразылық танытқан еді.

Лоттағы ақпаратқа сүйенсек, Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы "Алматыгороформление" ЖШС-мен шарт жасасқан. Техникалық ерекшелікке сәйкес, шарт "кәдесый өнімдерін сатып алу бойынша қызметтер" бойынша рәсімделген.

Бұл ақпаратқа қатысты Алматы қаласы кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы жауап берді.

"Дағдарыстан кейін экономиканың одан әрі өсуін қалпына келтіру және қамтамасыз ету аясында елге шетелдік инвестициялар тарту мәселесі ерекше өзекті болып отыр. Осыған байланысты, шетелдік бизнесті мегаполистің инвестициялық мүмкіндіктері туралы ақпараттандыру және таныстыру үшін инвестициялық іс-шараларды өткізу өте тиімді.

Пандемияға қарамастан, ағымдағы жылы шетелдік инвесторлармен халықаралық кездесулер өткізілді, оның шеңберінде кәдесыйлар (картиналар, шапандар, естелік жиынтықтар және т.б.) сатып алу үшін өкілдік шығындар бойынша жоспарлы Мемлекеттік сатып алу жүргізілді", - деп хабарлады басқармада.

Әкімдік бұл өнімдер қаланың отандық өндірушілері мен қолөнершілерінен сатып алынғанын атап өтті.

"Ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында шетелдік инвесторларды тарту бойынша іс-шараларды іске асыру нәтижесінде қалаға 460,7 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды және мынадай ірі жобалар іске асырылды: екі Helmir медициналық - оңалту орталығының құрылысы, Valterm ЖШС зауытының құрылысы, Orhun Medical ЖШС көпсалалы клиникасының құрылысы", - деп қорытындылады ведомствода.

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.