Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандықтар Мұқағали Мақатаевтың жаңа ескерткішін сынға алды

Опубликовано:

Мұқағали ескерткіші
Фото: Райымбек ауданы әкімдігі

Алматы облысында орнатылған қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың ескерткіші желідегілердің сынына ұшырады. Желі қолданушылары мүсіннің түр-тұлғасының үйлесімсіз екенін айтып, сонымен қатар осы жұмысқа бюджеттен бөлінген миллиондаған шығынға назар аударды. Райымбек облысының әкімдігі жағдайға қатысты пікір білдірді деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әлеуметтік желілерде ескерткіш авторлары туралы сыни ескертулер жарияланды.

"Қай жағынан қарасаң да, ескерткіш күлкілі көрінеді, басы мен денесі пропорционалды емес. Алматы облысының әкімдігі ескерткішті орнатуға бюджеттен 62 миллион теңге жұмсаған", – деп жазады басылым.

Блогерлердің бірі ақын мен оның ұрпақтарының рухын келеке еткенін айтып, мүсіннің кемшіліктерін де баса айтты.

"Бұл тақырыпта кіммен сөйлессем де бәріміздің ойымыз бір жерден шығады. Демек, мүсінші тастан Мұқағали Мақатаевтың бейнесін дәл суреттей алмаған. Ал біздің бұл туралы айтуға құқығымыз бар", – дейді автор Facebook-те.

Бұл арада Райымбек ауданының әкімдігі ескерткішті жасауға және орнатуға жұмсалған қаражат туралы ақпаратты растады.

Ақын ескерткіші ауданның әкімшілік орталығы Нарынқол ауылында тұрғызылғаны нақтыланған.

Мүсін екі бөліктен тұрады және қоладан жасалған. Жалпы биіктігі 7 метр 50 сантиметр. Ескерткішті академик Ақмырза Рүстембеков пен мүсінші Қадырхан Кәкімов жасады.

"Шынында да Мұқағали Мақатаевтың ескерткішін жасауға және орнатуға 61 миллион 826 мың теңге жұмсалды.

Халықтың соңғы мәлімдемелерін ескере отырып, Алматы облысының мәдениет басқармасы бүгін Нарынқолға келетін комиссия құрды", – деді Райымбек ауданы әкімінің баспасөз хатшысы Қадыржан Сабырақын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926510-qazaqstandyqtar-muqagali-maqataevtyn-zana-eskertkisin-synga-aldy/

pixel