Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Намаздың қасында тойдың не керегі бар?": Шымкенттік депутат жасырын той жасағандарды сабасына түсірді

Опубликовано:

Нұрғазы Бұхарбай
Нұрғазы Бұхарбай: жеке мұрағат

Шымкент қалалық мәслихат депутаты әрі қоғамдық кеңестің төрағасы Нұрғазы Бұхарбай пандемия кезінде той жасағандар мен сол тойға барғандар өзгелер үшін қиянат жасап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы өңірдегі KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Халық қалаулысы бүгінгі таңда індеттен ауырып жатқандардың 48 пайызы вирусты той-жиындардан жұқтырғанын, ал солардың 200-ге жуығы коронавирустан көз жұмғанын атап өтті.

"Бізде көпшілігі туыс-жекжаттан "ұят болмасын" деп той жасайды. Ал оның соңы неге әкеп соғып жатыр? Талай адам ажал құшып отыр. Бәлкім өзгелер "неге автобустарда адамдар лық толы, неге қоғамдық көліктерді тоқтатпайды?" деп айтатын шығар. Бірақ ол мәжбүрліктен жасалынып жатқан жоқ па? Себебі халық жұмысқа бару керек, тіршілік тоқтаған жоқ. Ал той-жиын деген күте тұратын дүние. Тіпті керек десеңіз, мешітте намаз оқуға да тыйым салынды. Намаздың қасында той маңызды ма?", - деді депутат.

Бұдан өзге Нұғазы Бұхарбай елге қатты сөзбен жеткізбесе, түсінбейтін жағдайға жеткенін айтады. Сол үшін той жасағандар мен тойға барғандарды "халық жауына" теңеу керек екенін алға тартты.

"Мынау карантинге қарамастан талай адамды жинап, той-жиын жасағандар мен онда барғандардың түрін түстеп тұрып көрсету керек. Көпшіліктің алдында ұялту керек. Бәлкім сол кезде елге масқара болмайық деп той жасауды, тойға баруды тыятын шығар. "Ұят болады" деп той істеп және тойға барғандарды "халық жауы" деп санаса да болады. Ертең осы себептерден бір жақының өмірден өтсе, ұят былай тұрсын, қиянат болмай ма? Ойланайық! Індет тоқтағанша бұндай ұятты қоя тұрайық!" деп сөзін түйді халық қалаулысы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926514-namazdyn-qasynda-toidyn-ne-keregi-bar-symkenttik-deputat-zasyryn-toi-zasagandardy-sabasyna-tusirdi/

pixel