jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Жаңбыр, найзағай, жел: 11 тамызда елімізде ауа райы қандай болады

Жаңбыр
Көрнекі фото: news.myseldon.com

Еліміздің синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады. Метеорологтардың дерегінше, ертең Қазақстанда күн райы құбылмалы болмақ деп хабарлайды Қазгидромет.

11 тамызда Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Кей жерлерінде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Қызылорда облысында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында жел шығыстан, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с. Кей жерлерде төтенше өрт қауіпі сақталады. Орал қаласында күндіз 37 градус қатты ыстық күтіледі.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі. Солтүстіктен жел, кей жерлерде күші 15-20 м/с.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтiледі. Жел солтүстік-батыстан, күші кей жерлерде 15-20 м/с. Үржар, Бесқарағай, Жарма аударында өрттің төтенше жоғары дәрежесі күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде түнде қатты жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ, тұман күтіледі, батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с.

11-13 тамызда Жамбыл облысының таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, бұршақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. 11-13 тамызда солтүстік- шығыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысады, 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қаупі сақталады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с жетеді. Көкшетауда найзағай күтіледі.

Жаңбыр, найзағай, жел: 11 тамызда елімізде ауа райы қандай болады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.