Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның бір өңірі "қызыл" аймақтан қайтадан "сары" аймаққа өтті

Опубликовано:

Коронавирус
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті. Оған сәйкес, Түркістан облысы "қызыл" аймақтан қайтадан "сары" аймаққа өтті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

12 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Кеше ғана "қызыл" аймақта болған Түркістан облысы бүгін қайта "сары" аймаққа өткен.

Айта кетейік, елімізде өткен тәулікте 7 747 адамнан коронавирус анықталды. Олардың дені Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласынан.

Ал Түркістан облысында індет жұқтырған 121 жағдайы тіркелді.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, жалпы Қазақстан бойынша COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 664 524-ге жетті.

Сонымен қатар, өткен тәулікте 7 512 адам індеттен жазылып шыққан.

Қазір коронавирус инфекциясынан 113 155 адам емделуде, оның ішінде 30 769 пациент стационарда, 82 386 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

Одан бөлек, 1 849 адамның жағдайы ауыр, 479 пациенттің жағдайы өте ауыр деп бағалануда. 215 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, осыған дейін денсаулық сақтау министрлігі елімізде вакцина салдырғандар арасында қайтыс болғандар бар екенін хабарлаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926788-qazaqstannyn-bir-oniri-qyzyl-aimaqtan-qaitadan-sary-aimaqqa-otti/

pixel