Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушылар сабақта маскамен отыруы керек

Опубликовано:

Оқушы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Алматы қаласы білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаева оқушылар сабақта маскамен отыратынын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Басқарма басшысының сөзінше, балалар сабақ кезінде маска тағады. Ал асхана мен дене шынықтыру сабағында оқушылардың маска тақпауына рұқсат. Дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі деп күтілуде, осылайша оқушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталады.

Ал асханада барлық санитарлық норма сақталатын болады. Одан бөлек, мектептерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптар, атап айтқанда, дене қызуын өлшеу, көзбен тексеру, желдету режимі, кварц режимі, тазалау режимі, су ішу режимі, есік тұтқаларын антисептиктермен өңдеу, әрбір екі-үш сағат сайын дәретханалары толық тазалу секілді ережелер сақталады.

Маскалардың дер кезінде ауыстырылуын мектеп қызметкерлері қадағалайтын болады. Сондай-ақ ғимараттарда пайдаланылған маскаларға арналған жәшіктер қойылады.

Балаларды маска және санитайзерлермен ата-анасы қамтамасыз етуі керек. Дегенмен, ондай мүмкіндік болмаса, онда мектеп тарапынан маска беріледі.

Одан бөлек, Жылқыбаева оқушылардың ата-аналары міндетті түрде вакцина салдыруы керек деген талап жоқ екенін, десе де екпе салдыруға кеңес берілетінін атап өтті.

"Ата-анасы вакцина салдырмаған балалар мектепке келмеуі керек деген талап жоқ", - деді ол.

Алайда шенеунік мектеп қызметкерлері 100 пайыз вакцина салдырғанын айта кетті. Сондай-ақ балаларға мектепке кірер кезде Ashyq қосымшасын пайдаланудың қажеті жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926888-almaty-oqusylary-sabaqta-maskamen-otyruy-kerek/

pixel