Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңбыр, тұман: Синоптиктер бүгінгі күнге ауа райы болжамын ұсынды

Опубликовано:

Жаңбыр
Көрнекі сурет: pixabay.com

Қазақстан аймақтарында 13 тамызда болатын ерекше метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын "Қазгидромет" РМК назарға ұсынды.

Еліміздің басым бөлігі антициклонның ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек солтүстік-шығыста, шығыста және оңтүстік-шығыста атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен жаңбыр, найзағай сақталады, шығыс және оңтүстік-шығыста кей жерлерде қатты жаңбыр жауады, кей жерлерде тұман, бұршақ, дауыл, желдің күшеюі күтіледі. Еліміздің оңтүстігінде және батысында кей жерлерде шаңды дауыл болады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, желдің күші 15-20 м/с дейін, екпіні 23 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Алматы облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 17-22 м/с дейін күшейеді. Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ күтіледі, жел 15-20 м/с дейін күшейеді, түнде кей жерлерде тұман болады.

Павлодар облысының кей жерлерінде найзағай, тұман күтіледі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін жетеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді, шаңды дауыл күтіледі. Ақмола облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с дейін жетпек.

Күндіз Атырау облысының басым бөлігінде, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық сақталады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Ақмола облысының жекелеген аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926979-zanbyr-tuman-sinoptikter-bugingi-kunge-aua-raiy-bolzamyn-usyndy/

pixel