Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматылық оқушылар жаңа оқу жылында аптасына алты күн оқиды

Опубликовано:

оқу
Көрнекі фото: Sputnik / Тимур Батыршин

Жаңа оқу жылында алматылық мектептер алты күндік оқыту форматына өтеді деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Бұған дейін білім және ғылым министрлігі алты күндік оқу форматын енгізуді әр мектеп өзі шешетінін хабарлаған еді. Осы ретте Алматы мектептерінің басым көпшілігі аталған форматта білім беретіні белгілі болды.

Одан бөлек, оңтүстік астана билігі қаладағы мектептерде дезинфекциялық құралдар мен антисептиктер жеткілікті екенін мәлімдеді.

Шенеуніктердің дерегінше, жаңа оқу жылында 300 мыңнан астам кәмелет жасына толмаған бала мектепте білім алады. Оның 30 мыңнан астамы - бірінші сынып оқушылары.

Дәстүрлі оқыту форматына ауыстыру аясында мұғалімдердің бәрі - 32 мыңнан астам педагог коронавирусқа қарсы вакцина салдырған. Тек 4,5 мың адамда ғана медициналық қарсы көрсетілімі бар.

Дереккөз: КТК телеарнасы

Еске сала кетсек, Алматы қаласы білім басқармасының жетекшісі Ләззат Жылқыбаева оқушылар сабақта маскамен отыратынын айтты.

Басқарма басшысының сөзінше, балалар сабақ кезінде маска тағады. Ал асхана мен дене шынықтыру сабағында оқушылардың маска тақпауына рұқсат. Дене шынықтыру сабақтары далада өткізіледі деп күтілуде, осылайша оқушылар арасындағы әлеуметтік арақашықтық сақталады.

Ал асханада барлық санитарлық норма сақталатын болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1926989-almatylyq-oqusylar-zana-oqu-zylynda-aptasyna-alty-kun-oqidy/

pixel