Алматыда «Қазақтелекомның» жаңа технологиялы жүйрік интернеті қолжетімді бола түсті
Жарияланған күні:
Алматыда кезекті тұрғын үй кешені – «Falcon City» заманауи жүйрік интернетке қосылды. Бұл «Қазақтелеком» ұсынған GPON атты жаңа технологияның арқасында мүмкін болуда.
GPON технологиясының артықшылықтарын «Falcon City» тұрғын үй кешенінің 200-ге жуық пәтер иесі бағалап үлгерді.
«Falcon City» тұрғын үй кешеніндегі қолданушыларға барлық қызметтер GPON технологиясы бойынша көрсетілуде. Бұл бір желінің көмегімен қызметтердің толық спектрін жоғары жылдамдықта ұсынуға мүмкіндік береді. Біздің абоненттеріміз үшін кең жолақты интернет, цифрлі теледидар, IP-телефония қызметтері қолжетімді болып отыр», - дейді «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Алматытелеком» ӨТД сегментінің В2С коммерциялық директоры Найла Әбділдаева.
«Falcon City» тұрғындары жаңа технологияны қалай қабылдады?
«Falcon City-ге» GPON технологиясы жеткелі бері тұрғындардың дені оның қолайлы әрі тиімді екенін байқаған. Мәселен, Қуаныш Шернияз есімді тұрғынға TV+ қызметінің ыңғайлылығы мен интернеттің жылдам бола түскендігі ерекше ұнаған екен.
«Мен фильмдерді үздіксіз көргенді ұнататындықтан, үйімде жоғары жылдамдықты интернет болғанын қалаймын. Сол себепті, телекоммуникация қызметтерін ұсынатын компаниялар арасында «Қазақтелекомды» таңдауды ұйғардым. Біз Ultra тарифін қостық: қазір фильмдерді интернет арқылы жазылым жасап көремін, ал інім TV+ арқылы отандық және шетелдік арналарды көреді. Маған TV +-те ең ұнағаны - онда телеарналар мен бағдарламалар әртүрлі санаттарға бөлінген, сонымен қатар SmartTV арқылы басқаруға ыңғайлы», - дейді «Falcon City» тұрғыны Қуаныш Шернияз.
Тұрғындар таңдалған тарифтік жоспарға байланысты 200-ден 500 Мбит/с жылдамдыққа дейін баратын үй интернетін пайдаланып отыр. Осы орайда, GPON желісінің артықшылықтары мұнымен аяқталмайтынын айта кеткен жөн. Мәселен, жаңа технология тұрғындарға жоғары жылдамдықты интернеттен бөлек, 175 арнадан тұратын цифрлық интерактивті теледидарды пайдалануға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қызметтер пакетін бейнебақылау, телеметрия (деректерді қашықтан басқару көздерінен бақылау және талдау үшін IT жүйесіне автоматты түрде беру) және күзет дабылымен толықтыруға жағдай жасалған.
Сонымен, жоғары бағалауға ие болып отырған GPON технологиясының ерекшелігі неде?
GPON (Gigabit Passive Optical Network) - интернетке қосылудың ең заманауи технологияларының бірі. GPON талшықты-оптикалық кабелі провайдердің жабдықтарынан тікелей абоненттің пәтеріне дейін тартылады. Нәтижесінде бір ғана кабельдің көмегімен бірнеше қызмет түрін сапасын жоғалтпастан жылдам алу мүмкіндігі туындайды.
Жыл басынан бері «Қазақтелеком» қаладағы 10-ға жуық жаңа көппәтерлі үйді жүйрік әрі сапалы интернетпен қамтамасыз етіп, 5000-нан астам пәтер GPON технологиясы бойынша телекоммуникация қызметтеріне ие болды.
TV + қызметі не себепті сұранысқа ие және оның артықшылығы қандай?
«Қазақтелеком» ұсынған TV + қызметіне де сұраныс жоғары. Алматы қаласы мен облысы бойынша 13000-нан астам абонент дәл осы қызметке қосылған. Аталмыш қызметті пайдаланушылар Amediateka сериалдар пакетін, «TV+» және «Қазақстанда жасалған» фильмдер пакетін қалаған уақытында тамашалай алады. Сондай-ақ, тақырыптық телебағдарламалар мен кинофильмдер жазбаларының мұрағатын тамашалау, қосымша экрандарды немесе құрылғыларды қосу мүмкіндігі де қарастырылған.
«Абоненттер TV+ қосымшасына үлкен қызығушылық танытып отыр. Бұл қызмет кез келген құрылғыдан – телефоннан, теледидардан, планшеттен, отбасының барлық мүшелеріне бір уақытта бағдарламалар мен фильмдерді көруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде дәстүрлі теледидардан бөлек, қолданушы жазылу арқылы ашылатын фильмдер мен сериалдарды да қарай алады. Оның үстіне, барлық фильмдер мазмұны бойынша түрлі санаттарға бөлінгендіктен, әр тұтынушы өзін қызықтыратын жанрдағы фильмді немесе сериалды тез таба алады», - деп қосты Найла Әбділдаева.
Алдағы уақытта Алматының тағы қандай тұрғын үй кешендері жаңа технологияның артықшылықтарына ие болады?
«Қазақтелеком» АҚ Алматы бойынша телекоммуникация қызметтерін ең көп ұсынған компания атанып отыр. Бүгінде 11 мыңнан астам көппәтерлі үйдің 97%-ы сымды интернетке қосылған.
Телеком-оператор тамыз айының соңына дейін «Жандосов», «Alatau Golf Residences» тұрғын үй кешендеріндегі пәтерлерді жоғары жылдамдықты интернетке қосуды жоспарлауда, ал жыл соңына дейін 1,5 мыңнан астам абонентті жүйрік интернетпен қамтамасыз етпекші.
«Біз өтінімдерді өңдеу процесін барынша оңтайландырдық, пайдаланушы біздің цифрлық арналар арқылы өтініш қалдырғаннан кейін, бір күн ішінде қажетті қызметті пәтерге қоса аламыз. GPON технологиясы бүгінде абоненттердің барлық заманауи талаптарына жауап береді, өйткені, олар бір уақытта сапаны жоғалтпай қызметтер кешенін пайдалана алады», – дейді «Қазақтелеком» АҚ филиалы – «Алматытелеком» ӨТД B2C белсенді сату орталығының бас маманы Ербол Аманжолов.
Компания қызметтерін қосуға өтінімді қалай қалдыруға болады?
Компания қызметтерін қосуға өтінім қалдырғыңыз келсе, немесе тарифтер мен қосылу шарттары туралы толығырақ білуді қаласаңыз, telecom.kz порталынан барлық қажетті ақпаратты алуға болады.
Сонымен қатар, WhatsApp мессенджерінде +77080000160 нөмірі бойынша қажетті ақпаратты ала аласыз.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927029-almatyda-qazaqtelekomnyn-zana-texnologiyaly-zuirik-interneti-qolzetimdi-bola-tusti/