Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлеуметтік желіде порнографиялық видео таратқан 20 жастағы оралдық анықталды

Опубликовано:

әлжелі вконтакте
Көрнекі фото: pixabay.com

Орал тұрғыны әлеуметтік желіде порнографиялық сипаттағы видеоны таратқан. Факті киберқауіпсіздік саласындағы жедел-профилактикалық іс-шаралар барысында анықталған деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақпараттандыру және байланыс саласында жалпы 48 заңбұзушылық анықталған. Порнографиялық материалдар таратқан 8 интернет-ресурс белгілі болған.

Мәселен, әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында Оралдың 20 жастағы тұрғыны "ВКонтакте" желісінде порнографиялық видео таратқаны мәлім болды.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 311-бабы, 1-бөлігіне сәйкес (Порнографиялық материалдар немесе заттарды заңсыз тарату) сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, киберқауіпсіздік саласындағы қылмыстардың антирейтінгінде интернет-алаяқтық бірінші орында тұр. "Anti-Fraud" жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында 34 факті ашылған.

Осындай жағдайлардың бірінде 23 жастағы жігіт ЖШС-ның 27 жастағы қызметкерінің телефонын, фотосы мен деректерін пайдаланып, оған iPhone-ды несиеге рәсімдеген. 400 мың теңге шығын келтірілген. Бүгінде Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Еске сала кетсек, Шығыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері 70 порнографиялық сайтты анықтаған болатын.

Сондай-ақ жеті күн ішінде 12 интернет-алаяқтық фактісі әшкереленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1927911-aleumettik-zelide-pornografiyalyq-video-taratqan-20-zastagy-oraldyq-anyqtaldy/

pixel