jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Ұлжан Ибраим
Ұлжан Ибраим
Бұрынғы қызметкер

Алматыда тракторлар түнгі уақытта не сеуіп жүр: Тиісті мекеме жауап берді

Тәжвирус
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы Жасыл экономика басқармасының басшысы Наталья Ливинская тракторлар түнгі уақытта қалада не шашатынын айтты. Оның сөзінше, себілетін зат ағаштарға зиян келтіретін жәндіктерге арналған, ал адамдар үшін қауіпсіз деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Өткен және осы айда түнгі уақытта жұмыстар белсенді жүріп жатыр. Әлеуметтік желіде трактордың белгісіз зат шашып жүргені туралы көптеген жазба пайда болды. Кейбірі мұны адамдарды улаумен байланыстырып жатыр. Шындығына келгенде, біз оның ештеңеге қатысы жоқ екенін түсіндіргенбіз.

Бұл - жасыл желекті өңдеу. Себу жұмыстары түнде жүргізіледі, себебі күндізгі уақытта күн сәулесінің әсерінен себілетін заттың тиімділігі аз болады. Екіншіден, себілетін заттың иісі бар, өңдеген орыннан бес метрге дейін сезіледі", - дейді Наталья Ливинская.

Сонымен қатар, Ливинская себілетін заттың адамдарға да, құстар мен жануарларға да зияны жоқ екенін атап өтті.

"Алайда, жасыл кеңістікке зиян келтіретін жәндіктерге қарсы жақсы жұмыс істейді", - дейді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Үлкен Алматы өзеніндегі судың қызыл түске боялғаны қала тұрғындарын шошытқанын жазған едік. Әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты қалалық жасыл экономика басқармасы мамандары жауап берген еді. Олар экологиялық полициямен бірге өзенге барғанын атап өтті.

Қазіргі уақытта өзендегі судың таза екені белгілі болды. Жасыл экономика басқармасы Райымбек даңғылының қиылысында қызыл түстің қалдығы бар екенін де айта кетті.

Алматыда тракторлар түнгі уақытта не сеуіп жүр: Тиісті мекеме жауап берді

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.