Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да полицей параны қой түрінде алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: pexels.com

Батыс Қазақстан облысында полицейлерге қатысты екі жемқорлық фактісі тергеліп жатыр. Олардың бірі параны қой түрінде алған деген мәліметтер де бар. Ал тергеушінің өзі малды сатып алғанын айтып отыр. Аталған жайтқа қатысты өңірлік полиция департаменті пікір білдірді деп жазады KAZ.NUR.KZ.

БҚО полиция департаменті сотқа дейінгі тергеу жұмыстарының мән-жайын айтпаса да, жемқорлық фактісінің тіркелгенін растады.

"Кезекті жедел-профилактикалық іс-шара өткізу барысында БҚО ПД ӨҚБ қызметкерлері Жәнібек ауданы полиция қызметкерінің ақшалай сыйақы алу фактісін анықтады, сондай-ақ тергеушілердің бірі сыбайлас жемқорлық жасады деген күдікке ілінді", - дейді ведомствоның баспасөз қызметінен.

Қос фактіні де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет тергейді.

"Құқық бұзушылық жасаған Жәнібек ауданының учаскелік инспекторы атқарып отырған лауазымынан босатылды. Сонымен қатар, аудандық полиция бөлімінің басшылығына да қатаң жаза қолданылады. Тергеушінің кінәсі әлі дәлелденген жоқ, бірақ ол іс аяқталғанға дейін қызметінен шеттетілді", - дейді полиция департаментінен.

Сондай-ақ, БҚО полиция департаменті басшылықпен тұрақты түрде жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, анықтау, жолын кесу бойынша ашық және жасырын іс-шаралар өткізіліп отыратынын атап өтті.

Айта кетейік, бұған дейін Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы бөлімінің бас маманы ұсталғанын жазған едік.

Шенеунік Түркістан қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928111-bqo-da-policei-parany-qoi-turinde-aldy-degen-kudikke-ilindi/

pixel