Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Арнайы жасақ вакцина паспортын сатқан жігіттің қолын қайырып алып кетті (видео)

Опубликовано:

Видеодағы кадр
Видеодан алынған кадр: Нұр-Сұлтан қаласы ПД

Нұр-Сұлтан полициясы вакцинация төлқұжатын қолдан жасаған деген күдікпен 28 жастағы елордалық тұрғынды ұстады деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, ер адам тапсырыс бойынша кез келген түрдегі құжаттарды қолдан жасаған. Сөйтіп, ол 20 күнде вакцинация төлқұжатын жасап беруге уәде берген. Оның үстіне тапсырыс берушілер жалған құжат үшін ақшаны алдын ала төлеу қажет болған.

Осылайша, күдікті 50 мың теңге алу кезінде жұмыс орнының жанында ұсталды. Ол өзінің әрекетін былай түсіндірді: ер адам қазіргі уақытта вакцинация төлқұжаттарын жасау өзекті әрі пайдалы екенін біліп, осылайша "қосымша ақша табуды" шешкен.

"Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алданған азаматтар мен күдіктіге жалған вакцинация төлқұжаттарын жасатуға жүгінген адамдардың саны анықталуда", – деп хабарлады полиция.

Еске сала кетсек, жақында ішкі істер министрлігі Шығыс өңірлік әскери тергеу басқармасының Өскемен бөлімі қаладағы емханаларда әскери қызметшілерге вакцина паспорттарын қолдан жасап сатқандарды анықтаған еді.

Бұл факті сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестрінде тіркелді, сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Осы орайда ішкі істер министрлігі жалған құжат жасағаны үшін төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал оны қолданғаны үшін 40 тәулікке дейін қамауға алу түрінде қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске салады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928152-arnaiy-zasaq-vakcina-pasportyn-satqan-zigittin-qolyn-qaiyryp-alyp-ketti-video/

pixel