jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары қайтыс болды

Сәбет Жақыпбеков
Сәбет Жақыпбеков. Фото: ҰҚК ресми сайты

Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары – Үкіметтік байланыс агенттігінің директоры, ҰҚК ардагерлер кеңесінің төрағасы, отставкадағы генерал - майор Сәбет Жақыпбеков қайтыс болды деп хабарлайды ҰҚК ресми сайты.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен "ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері" республикалық қоғамдық бірлестігі Сәбет Жақыпбековтың қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына орны толмас қазаға қайғырып көңіл айтады.

Генерал-майор Сәбет Жақыпбеков 20 жылдан астам Қазақстанның үкіметтік байланысын табысты басқарды және біздің республикамыз бен ТМД елдеріндегі осы қызметтің ең танымал басшыларының бірі болды. Ол өз ісін қазіргі уақытта да жалғастырып келе жатқан жоғары кәсіби мамандар тобын тәрбиеледі. "Оның Қазақ КСР МҚК үкіметтік байланыс бөлімінің инженерінен бастап Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының орынбасары – Үкіметтік байланыс Агенттігінің директорына дейінгі мінсіз қызметі өз ісіне және Отанына шексіз берілгендіктің үлгісі", - делінген хабарламада.

Жұмыстағы нақты жетістіктері үшін генерал Жақыпбеков «Құрмет Белгісі» орденімен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен және көптеген медальдармен марапатталған. «КСРО МҚК құрметті қызметкері», «ҚР ҰҚК құрметті қызметкері», «Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Үкіметтік байланыс федералды агенттігінің құрметті қызметкері», «Құрметті байланысшы» белгілерімен марапатталған.

Отставкаға шыққаннан кейін ол «Нұрсат» телекоммуникациялық компаниясының президенті ретінде жұмысын жалғастырып, Қазақстан Республикасының тәуелсіз ұлттық спутниктік байланыс желісін құруға қатысты.

"Нағыз офицер, тәлімгердің жарқын бейнесі біздің жүрегімізде мәңгі сақталады", - деді ведомство.

Қазақстан президенті күзет қызметі бастығының бұрынғы орынбасары қайтыс болды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.