Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Еліміздің неше өңірі "қызыл" аймақта

Опубликовано:

Көрнекі
Көрнекі фото: NUR.KZ

Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ресми сайты ел өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жария етті деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

23 тамыздағы жағдай бойынша, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қаласы мен Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облысы "қызыл" аймақта тұр.

Ал Түркістан облысы "жасыл" аймақта орналасқан.

Елімізде өткен тәулікте коронавирус жұқтырған тағы 6314 адам тіркелген. Олардың дені Алматы қаласынан.

Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 743 220-ға жетіп отыр.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қаласыынң әкімі Бақытжан Сағынтаев қазіргі эпидемиологиялық ахуал туралы айтып, алматылықтарға үндеу жолдаған болатын.

"Әр штамм пайда болған сайын күрделеніп барады. Қазір, міне, дельтаны көріп отырмыз. Өте қиын жағдайға алып келді. Оны науқастардың санынан-ақ көруге болады. Біздің клиникаларға күн сайын 700-750 науқас түседі. Тұрғындардан вакцина алуға үндеп жатырмыз. Вакцинацияның өзіне қарсы қанша әңгіме айтылды. Вакцина керек дегенге сенбейміз, керек емес дегенге көбірек сенеміз. Вакцинасыз шешім жоқ, осыны жақсы түсіну керек", – деді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928386-koronavirus-elimizdin-nese-oniri-qyzyl-aimaqta/

pixel