Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талғат Арданды өзі тұрып жатқан елдің соты қамауға алуға сырттай рұқсат берген

Опубликовано:

Талғат Ардан77
Фото: "Астана LRT" компаниясының ресми сайты

"Астана LRT" компаниясының бұрынғы басшысы Талғат Арданды өзі тұрып жатқан елдің соты қамауға алуға сырттай рұқсат берген. Енді ол ұсталған жағдайда Қазақстанға экстрадицияланады деп хабарлайды КТК арнасы.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің хабарлауынша, қазір сол елдің құқық қорғау органдары Талғат Арданның нақты қай жерде екенін анықтап жатыр.

Телеарнаның мәліметінше, ведомство Талғат Арданның қай елде жасырынғанын білгенімен, көпшілікке ашып айтуға асықпай отыр.

Есесіне, негізгі күдікті қала әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбековтың АҚШ-та тұрып жатқаны анықталған. Қазіргі уақытта Бас прокуратура оны елге экстрадициялау мәселесімен айналысуда екен.

Еске сала кетейік, бұған дейін "Астана LRT" ісі бойынша 7 адам 7-ден 10 жылға дейін бас бостандығынын айырылған еді. Сотталушылар бюджетке 5 миллиард 800 миллион теңгеден астам шығын келтірді деп айыпталған.

Дереккөз КТК арнасы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928544-talgat-ardandy-ozi-turyp-zatqan-eldin-soty-qamauga-aluga-syrttai-ruqsat-bergen/

pixel