jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Нұрила Ермекбай
Нұрила Ермекбай
Бұрынғы қызметкер

Найзағай, жел, өрт қаупі: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Найзағай
Көрнекі фото: pexels.com

Еліміздің синоптиктері 25 тамызда Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылдық ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет.

25 тамызда Қостанай облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні 15-20 м/с. Күндіз басым бөлігінде 37 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың орталықта, оңтүстікте және батыста төтенше өрт қауіпі сақталады.

Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Маңғыстау облысының батысында, солтүстік-батысында найзағай күтіледі. Күндіз облыстың оңтүстігінде 38 градус қатты ыстық сақталады.

Ақмола облысының шығысында найзағай күтіледі. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында және шығысында күші 15-20 м/с күтіледі. Төтенше өрт қауіпі сақталады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, батысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Облыстың батысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 15-20 м/с. Күндіз 25 тамызда қатты ыстық 35 градус күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының оңтүстік-шығысында найзағай, оңтүстік-батыс, батыстан соғатын жел найзағай кезінде 15-20 м/с күтіледі. Күндіз 36 градус қатты ыстық сақталады. Облыстың шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Атырау қ.: күндіз 25 тамызда найзағай, 35 градус қатты ыстық күтіледі.

Найзағай, жел, өрт қаупі: Еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.