Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Астана LRT" ісі: Сотталушылардың бірінің жүрек талмасы ұстаған

Опубликовано:

Астана Лрт
Фото: inbusiness.kz

Бүгін Нұр-Сұлтанда "Астана LRT" ісі бойынша сотталғандардың үкіміне түсірілген аппеляциялық шағым қаралып жатыр. Қорғаушылардың бірі сотталған клиентінің жүрек талмасы ұстағанын айтты деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Сот отырысына тек сотталушылардың қорғаушылары қатысқан.

"Astana Innovations" бұрынғы басқарма төрағасы Талғат Әшімнің қорғаушысы клиентінің 2 апта бұрын жүрек талмасы ұстағанын айтты. Әшім 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Адвокат сотталушыға жеке дәрігерді кіргізуге рұқсат беруді сұрады. Өйткені мекемеге келуге тыйым салынған. Сондай-ақ қорғаушы Әшімге қатысты бұлтартпау шарасын кепілдікпен босатуға немесе үйқамаққа ауыстыруды сұраған.

Аппеляциялық шағым бойынша сот отырысы жалғасуда.

Еске сала кетсек, 28 мамырда "Астана LRT" ісі бойынша айыпталушыларға қатысты сот үкімі шыққан болатын.

Астана жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бұрынғы басшысы Рашид Аманжолов - 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар ол 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бұрынғы басшысы Жанат Нұрпейісов 8 жылға бас бостадығынан айырылды. Ол да 5 жыл бойы мемлекеттік қызметте жұмыс істей алмайды. Оған қоса Нұрпейісов "Құрмет" және "Парасат" орденінен де айырылды.

Сонымен бірге Ұлықбек Ачилов - 8 жылға, Талғат Әшім - мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылумен қатар, 7 жылға, Тимур Қасабаев - 8 жылға, Дулат Мусенов - 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928690-astana-lrt-isi-sottalusylardyn-birinin-zurek-talmasy-ustagan/

pixel