Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Күзетшіні ақтамаймын": Алматыдағы аудан әкімі тілшімен болған оқиғаға пікір білдірді

Опубликовано:

Видеодан кадр
Видеодан кадр: Ақбөпе Тәңірбергеннің Instagram парақшасы

Алматыдағы Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбеков БАҚ өкілдерімен кездесу кезінде "Хабар 24" телеарнасының журналисін ғимараттан күштеп шығарып жіберген күзетшіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Әкімнің сөзінше, мұндайға жол беруге болмайды деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Алатау ауданының әкімі Азамат Қалдыбековтың сөзінше, ол өзіне журналистер келгенінен бейхабар болған. Шенеунік таңғы сағат 7:30-дан бастап аудандағы құрылыс нысандарын аралап, жұмыс орнына 20:00-де бір-ақ келгенін айтты. Әкім журналист Ақбөпе Тәңірбергенмен болған оқиғаны сол кезде ғана білген.

"Әкімдік ғимаратына кіру үшін Ashyq қосымшасын пайдалану қажет. Журналист бұл ережені орындамаған. Бірақ мен күзетшіні де, Алатау ауданы әкімдігінің шаруашылық бөліміне жауапты қызметкерлерін де ақтамаймын. Мұндай жағдайларға жол беруге болмайды. Күзетшіге қатысты қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Күзетші әкімдік қызметкері емес екенін айта кеткім келеді. Ол жеңіп алынған конкурс негізінде әкімдікті күзететін фирманың өкілі. Күзетші 2021 жылдың наурыз айынан бері жұмыс істейді. Бұған дейін қандай да бір дөрекі іс-әрекеті байқалмады", - деді Азамат Қалдыбеков.

Ақбөпе Тәңірберген де Алатау ауданының журналистермен кездесуіне келген. Азамат Қалдыбеков журналистен өз атынан кешірім сұрады.

Еске салсақ, кеше әлеуметтік желіде "Хабар 24" арнасының тілшісі Ақбөпе Тәңірбергенді әкімдік ғимаратына кіргізбей, күзетшінің сыртқа лақтырып тастағаны туралы видео кеңінен таралып кетті.

Сұхбат алу үшін Алматы қаласы Алатау ауданы әкімінің қабылдауына кіре алмай, күзетшілер тарапынан үлкен қарсылыққа тап болған журналист оқиғаның мән-жайын баяндады.

Аталған жайтқа ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева да пікір білдіріп, журналистерге қатысты мұндай әрекет жасағандарды жауапқа тартуды талап етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928833-kuzetsini-aqtamaimyn-almatydagy-audan-akimi-zurnalistpen-bolgan-oqigaga-qatysty-pikir-bildirdi/

pixel