Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы облысында 15 жасар қыздарды тұрмысқа бермек болған": Полиция мән-жайды айтты

Опубликовано:

Қалыңдық
Көрнекі сурет: pixabay.com

Полиция Алматы облысы Қарасай ауданында кәмелет жасына толмағандардың тұрмысқа шығуына қатысты ақпаратты тексеріп, тексеріс қортындысын жария етті. Тәртіп сақшылары екі қыздың тек біреуі ғана жасы 16-ға толғаннан кейін тұрмысқа шыққанын анықтаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құзырлы органның мәліметінше, Жаңатұрмыс ауылында 16 жастағы қыздың расымен тұрмысқа шыққаны белгілі болып отыр. Неке ата-анасының келісімімен және мұсылмандық әдет-ғұрып бойынша ерікті түрде қиылған.

"Кейін ерлі-зайыптылар некесін АХАЖ органдарында ресми түрде тіркеуді жоспарлап отыр. Бірақ бұл жағдайларға қарамастан, заңбұзушылықтардың орын алуына байланысты қыздың ата-анасына қатысты Әкімшілік кодекстің 127-бабы бойынша материал жиналды. Материал шара қолдану үшін Қарасай ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияға берілді", - дейді Алматы облысының полиция депратаментінен.

Полиция аталмыш ауылдың 15 жастағы екінші тұрғынының да жеке басын анықтаған. Бірақ мектеп оқушысының тұрмысқа шығуы туралы ақпарат расталмаған.

"Біз тексерген кезде 15 жастағы қыз ата-анасының үйінде болды. Ата-анасы оны тұрмысқа бермейтіндеріне сендірді. Жасөспірімнің ата-анасымен профилактикалық әңгіме жүргізілді, оларға қылмыстық, әкімшілік заңнама мен "Неке және отбасы туралы" заңның талаптары түсіндірілді", - дейді құқық қорғау органынан.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Алматы облысы Қарасай ауданында 15 жастағы екі оқушыны тұрмысқа берейін деп жатқаны туралы ақпаратты "НеМолчиKZ" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі өзінің Facebook парақшасында жариялаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928939-almaty-oblysynda-15-zastagy-qyzdardy-turmysqa-bermek-bolgan-policiya-man-zaidy-aitty/

pixel