Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Босқындарға көмек көрсету үшін шекараны кесіп өтпек болған депутат желіде қызу талқыға түсті (видео)

Опубликовано:

Депутат
Шекараны кесіп өтпек болған депутат. Кадр: Telegram/Sputnik live

Польшада Азаматтық коалиция депутаты Франчишек Стерчевский Польша-Беларусь шекарасындағы босқындарға көмек көрсету үшін шекараны кесіп өтпек болды. Аталған жайттың видеосы желіде тарап, оның әрекеті қоғамда қызу талқыға түсті, деп жазады "ТАСС".

Оппозициялық бағыттағы Азаматтық коалицияның атынан сайланған Сейма (парламенттің төменгі палатасы) депутаты Франчишек Стерчевский үш апта бойы шекарада жатқан мигранттар лагеріне өтіп, оларға дәрі-дәрмек бермек болған.

Аталған жайттың видеосына назар салсақ, депутат қарулы күштер қызметкерлерінен қашып, шекарадан өтпек болған. Алайда, ол жол ортада шалынып құлап, шекарашыларға ұсталып қалған.

Бұл жайт Польшада кеңінен қызу талқыға түсіп жатыр. Басқарушы партия өкілдері Стерчевскийдің "парламентарийге лайық емес әрекетке барды" деп сынға алуда.

Ал оппозициялық партия өкілдері болса, керісінше оның әрекетін жақтауда. Олар билікті мигранттарды Польшаға кіргізбей, материалдық көмек көрсетпей жатқаны үшін айыптауда.

Айта кету керек, қазіргі таңда Польшаның шығысында орналасқан Подляск воеводалық облысындағы Уснаж-Гурны елдімекенінде жағдай күрделі болып тұр.

17 күн бойы екі елдің шекарашылары 20-30 шақты босқынды күзетіп жатыр. Ауғанстаннан қашқан босқындар Польша шекарасын заңсыз кесіп өтпек болған. Алайша шекарашылар оған жол бермей отыр.

Польша билігі босқындар Беларусь аумағында жатқанын айтса, өз кезегінде Беларусь билігі де оларды елге кіргізбей отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928970-bosqyndarga-komek-korsetu-usin-sekarany-kesip-otpek-bolgan-deputat-zelide-qyzu-talqyga-tusti-video/

pixel