Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Шақыру жіберілді": Илон Маск пен Джефф Безос Байқоңырға келуі мүмкін

Опубликовано:

Илон Маск
Илон Маск. Фото: Gettty Images/ Alex Wong / Staff

Ресейдің "Роскосмос" мемлекеттің корпорациясы миллиадерлер Илон Маск, Ричард Брэнсон және Джефф Безосты Байқоңырға шақырды деп хабарлайды РИА Новости.

Басылымның "Роскосмостың" баспасөз қызметіне сілтеме жасап жазуынша, қазан айында Байқоңырдан Халықаралық ғарыш станциясында алғашқы көркем фильмді түсіру үшін актриса Юлия Пересильд пен режиссер Клим Шипенко мінген "Союз МС-19" ғарыш кемесі ұшады.

"Роскосмос" зымыранның ғарышқа ұшу салтанатына қатысу үшін Илон Маск, Ричард Брэнсон пен Джефф Безосқа шақырту жіберген.

"Шақыру хат жіберілді", - дейді корпорация өкілі.

Айта кетейік, "Союз МС-19" ғарыш кемесі 5 қазанда ұшады. Ғарышкер Олег Новицкий, Персильд пен Шипенко мінген зымыран Жерге 17 қазанда оралады деп күтілуде.

Еске сала кетейік, бұған дейін Түркістан қаласының бұрынғы әкімі Рашид Аюпов Илон Маскқа Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынған болатын.

Әкімнің пікірінше, Tesla зауыты үшін Түркістан өте лайықты жер. Себебі, қала Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан.

"Бізде Менделеев кестесінің барлық элементі бар, Түркістан арқылы Ұлы Жібек Жолы өткен. Бізде барлық тиісті инфрақұрылым мен еркін экономикалық аймақ бар. Түркістан - Tesla зауыты үшін нағыз лайықты жер", - деді Аюпов Twitter парақшасында.

Оның мәлімдемесінен кейін көптеген қазақстандық елде зауыт салуды ұсынып, жазбалар жариялай бастады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1928979-saqyru-ziberildi-ilon-mask-pen-dzeff-bezos-baiqonyrga-kelui-mumkin/

pixel