Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Рашид Аюпов Илон Маскқа Түркістанда Tesla зауытын салуды ұсынды

Опубликовано:

Рашид Аюпов, портрет
Рашид Аюпов. Фото: instagram.com/the_rashid_ayupov

Рашид Аюпов Илон Маскқа Түркістан қаласында Tesla зауытын салуды ұсынды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Әкімнің пікірінше, Tesla зауыты үшін Түркістан өте лайықты жер. Себебі, қала Байқоңыр ғарыш айлағына жақын орналасқан.

"Бізде Менделеев кестесінің барлық элементі бар, Түркістан арқылы Ұлы Жібек Жолы өткен. Бізде барлық тиісті инфрақұрылым мен еркін экономикалық аймақ бар. Түркістан - Tesla зауыты үшін нағыз лайықты жер",- деді Рашид Аюпов өз Twitter парақшасында.

Айта кетейік, жақында америкалық миллиардер Илон Маск ресейлік "Новое знание" марафонында Tesla электрокөліктері Қазақстанды қоса алғанда, ТМД елдері аумағында пайда болатынын хабарлаған еді.

Оның мәлімдемесінен кейін көптеген қазақстандық елде зауыт салуды ұсынып, жазбалар жариялай бастады. Түркістан әкімінің ұсынысын Илон Масктың қалай қабылдағаны әлі белгісіз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1914087-rasid-ayupov-ilon-maskqa-turkistanda-tesla-zauytyn-saludy-usyndy/

pixel