Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда алты баланың анасы коронавирустан қайтыс болды

Опубликовано:

әйел
Көрнекі фото: sputnik.kz

Қарағандыда алты балалы әйел коронавирустан қайтыс болды. Бұл туралы "Вечерняя Караганда" Telegram каналы хабарлады.

Каналдың жазуынша, 43 жастағы әйел алтыншы баласын босанып, 10 күн өткеннен кейін облыстық перинаталдық орталықта көз жұмған.

Жаңа туған нәресте аман, алайда жағдайы ауыр.

"Аталған факті бойынша Медициналық және фармацевтикалық қызмет сапасын бақылау комитетінің департаменті жоспардан тыс тексеру жүргізіп жатыр", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Еске сала кетсек, Алматы облысында ерлі-зайыптылардың пневмониядан көз жұмғанын жазған едік.

Облысы денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, 32 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам пневмонияның ауыр түрімен ауруханаға түскен. Медицина қызметкерлерінің барын салғанына қарамастан, ерлі-зайыптыны құтқару мүмкін болмапты.

"Екеуінде де пневмонияның ауыр түрімен байланысты коронавирус инфекциясы анықталды. Дәрігерлер барлық тиісті көмекті көрсетті. Бірақ, өкінішке қарай, пациенттерді аман алып қалу мүмкін болмады. Ерлі-зайыптылар бірнеше күн айырмашылығымен көз жұмды", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз хатшысы Ләйлім Әубәкірова.

9, 5, 4 жастағы балалар және шұғыл жағдайда дүниеге есігін ашқан нәресте ата-анасыз қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929246-qaragandyda-alty-balanyn-anasy-koronavirustan-qaitys-boldy/

pixel