Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы жарылыс: Әскери прокурор туған күні қарсаңында қайтыс болған

Жарияланған күні:

Арман Капезов.
Арман Капезов. Фото: Facebook.com/abroi.azamatov

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиға құрбандарының бірі - әскери прокурор Арман Қапезов. Белгілі болғандай, қадағалаушы орғанның қызметкері өзінің туған күні қарсаңында қаза тапқан деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Қаралы хабарды Абырой Халықұлы Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында естіртті.

"Бүгін таңертең оңтүстік өңірдің әскери прокуроры Капезов Арман Қуанышұлының көз жұмғаны туралы қайғылы хабар келді. Нағыз офицер, асқар тау әке, адал жар, нағыз дос пен жайлы әріптес келместің аралына кетті", - деп жазды ол.

Оның айтуынша, Арман Қапезов жарылыс болған аймаққа алғашқылардың бірі болып барған және зардап шеккендерге көмектесуге тырысқан.

Өкінішке қарай, алған жарақаты салдарынан әскери прокурор қаза тапты.

"Ол барлығымызға Отан алдындағы борышын өтеген, антқа адал нағыз прокурордың, офицердің үлгісін көрсетті", - деп жазды Халықұлы.

Сонымен қатар, жазба иесі Қапезов туған күні қарсаңында өмірден өткенін тілге тиек етіп, марқұмның жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтты.

Еске сала кетсек, 26 тамызда Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы әскери бөлімнің қоймасында жарылыс болды. Салдыран 5 адам қаза тапты. Тағы бірнеше адам із-түзсіз кеткендер қатарында. Соңғы мәліметтерге сәйкес, 90 адам зардап шеккен.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Айта кетейік, еліміздің қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдайдан кейін отставкаға кетуге дайын екенін мәлімдеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929253-zambyldagy-zarylys-askeri-prokuror-tugan-kuni-qarsanynda-qaitys-boldy/