Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысы ТЖД бастығының өлімі туралы ақпарат жоққа шығарылды

Опубликовано:

Ермек Момбаев
Ермек Момбаев. Фото: gov.kz

Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының өлімі туралы қауесетті ведомствоның баспасөз қызметі жоққа шығарды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Бүгін желіде пайда болған Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының өрттен қаза тапқаны туралы қауесетке департаменттің баспасөз қызметі жауап берді.

"Құдайға шүкір, Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы аман-есен, өзінің қызметтік міндеттерін атқаруда", – деді Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз хатшысы Сәуле Мунатаева.

Еске салсақ, бұған дейін Жамбыл облысында әскери бөлім қоймасының маңынан өрт шығып, жойқын жарылыс болғаны хабарланған еді.

Төтенше жағдайға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Twitter әлеуметтік желісіндегі парақшасында пікір білдірді.

Президент оқиға орнына шұғыл түрде Қорғаныс және Төтенше жағдайлар министрі сондай-ақ, Ішкі істер вице-министрі аттанғанын және аталмыш факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлім етті.

Өңірлік коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында өңір басшысы Бердібек Сапарбаев әскери бөлімдегі жарылыстан 88 адам зардап шеккенін айтты.

Ал қорғаныс министрі онлайн-брифинг кезінде жарылыстан төрт адам қаза тауып, тағы бірнеше адам із-түзсіз жоғалып кеткенін хабарлады. Апаттан кейін Нұрлан Ермекбаев өз еркімен қызметінен кетуге дайын екенін жеткізді. Министрдің сөзінше, ол бұл шешімді жарылыс туралы хабарлама алған сәтте қабылдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929258-zambyl-oblysy-tzd-bastygynyn-olimi-turaly-aqparat-zoqqa-sygaryldy/

pixel