RU

Жамбылдағы ТЖ: Құрбан болған әскери қызметшілердің суреті мен есімдері пайда болды

Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстанның Қорғаныс министрлігі Жамбыл облысында төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін жариялады. Бұл туралы ведомствоның ресми сайтында хабарланды.

"Қорғаныс министрлігінің басшылығы мен Қазақстан Қарулы Күштерінің жеке құрамы Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрілер қоймасында өрт салдарынан қаза тапқан марқұмдардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтасып, еске алады", - делінген ресми хабарламада.

Қайғылы оқиғада мерт болған Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен қызметкерлері:

Старшина Еркін Ерікбайұлы Нәдірбеков, 1979 жылы 8 қазанда туған

Еркін Ерікбайұлы
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Сержант Марат Сайлауұлы Мешінбай, 1981 жылы 24 тамызда туған

Марат Сайлауұлы
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Ефрейтор Руслан Жүрсінбайұлы Жанболатов, 1981 жылы 20 маусымда туған

Руслан Жүрсінбайұлы
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

ҚР ҚК қызметкері Оразбек Дайраұлы Дәлібаев, 1962 жылы 8 ақпанда туған

Оразбек Дайраұлы
Фото: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Бұған дейін еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария еткен болатын.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ, аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929383-zambyldagy-tz-qurban-bolgan-askeri-qyzmetsilerdin-sureti-men-esimderi-paida-boldy/