Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдағы оқиға: Еліміздің барлық мешітінде марқұмдардың рухына Құран бағышталады

Опубликовано:

Жұма намазына жиналған жамағат
Көрнекі фото: muftyat.kz

29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешітінде Жамбыл облысындағы жарылыста қаза тапқандардың рухына бағышталып Құран хатым оқылады деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары дініи басқармасы.

«Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауы – еліміздің басына түскен ауыр сынақ, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстыруда.
Осыған орай 29 тамыз жексенбі күні таңғы сағат 10:00-де еліміздің барлық мешіттерінде Жамбыл облысының Байзақ ауданында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт пен жарылыстардың салдарынан адамдардың қазаға ұшырауына байланысты олардың рухына бағышталып Құран хатым дұғасы оқылады», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салайық, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған. Жоғалғандарды іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Оған қоса Қорғаныс министрлігі де төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің есімдері мен суреттерінің тізімін шығарды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929390-zambyldagy-oqiga-elimizdin-barlyq-mesitinde-marqumdardyn-ruxyna-quran-bagystalady/

pixel