Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеделхаттар әлі де келіп жатыр": Әлем елдерінің басшылары Қазақстанға көңіл айтуда

Опубликовано:

Жарылыс
Кадр: Instagram / kris_p_kz

Жамбыл облысындағы қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысының атына келіп түскен көңіл айту жеделхаттарын Ақорда ресми сайтында жария етті.

"Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыс салдарынан көп адамның қаза болуына әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты шет мемлекеттердің, үкіметтер мен халықаралық ұйымдардың басшыларынан көңіл айту жеделхаттары келіп жатыр", - деп жазылған сайтта.

Көңіл айту жеделхатын жолдағандар арасында Ресей президенті Владимир Путин, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан Республикасының президенті Эмомали Рахмон, Беларусь Республикасының президенті Александр Лукашенко, Армения президенті Армен Саркисян бар.

Сондай-ақ, Ресей премьер-министрі Михаил Мишустин, Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бас хатшысы Бағдат Әміреев, Шанхай ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Владимир Норов та жеделхат жолдаған.

"Жеделхаттарда қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, қолдау білдірген. Сонымен қатар жарақат алған азаматтардың тезірек сауығып кетуін тілеген. Көңіл айту жеделхаттары әлі де келіп жатыр", - деп жазды Ақорда ресми сайтында.

Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.

Соңғы деректер бойынша, барлығы 13 адам қаза тауып, жүзге жуық адам жарақат алған.

Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.

Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігі қызметтік бабында жүрген кезінде ерлікпен қаза тапқан өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың фотосын жария етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929431-zedelxattar-ali-de-kelip-zatyr-alem-elderinin-bassylary-qazaqstanga-konil-aituda/

pixel