Ең кішісі 22 жаста: Жамбылдағы жарылыста мерт болған үш адамның кім екені анықталды
Жарияланған күні:
Жамбыл облысындағы өрт болған жерден соңғы күндері табылған 3 мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі ресми сайтында хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
"Жамбыл облысында оқ-дәрілер қоймасындағы өрт болған жерден табылған үш мәйіттің жеке бас мәліметтері анықталды.
Олар:
- 1-ші ҚӨСБ қызметкері-жүргізушісі аға сержант Ғафан Жомартұлы Қуатбек 1995 ж.т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы сержант Әділет Қанатбекұлы Әділбек 1987 ж. т.,
- 4-ші ӨСБ өрт сөндіруші-құтқарушысы қатардағы жауынгер Әліби Бексұлтанұлы Кеңес 1999 ж.т. Жамбыл облысы бойынша ТЖД-ның қызметкерлері", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, 26 тамыз күні кешкі уақытта Жамбыл облысының әскери бөліміндегі қоймалардың бірінде жарылыс болды.
Аталған қайғылы оқиғаға байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысындағы төтенше жағдай кезінде қаза тапқан әскери қызметшілер мен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін ерлігі мен жанқиярлығы үшін марапаттау туралы қаулыға қол қойды.
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа "Халық қаһарманы" атағы берілді.
30 тамыз күні Жамбыл облысында болған жойқын жарылыстан кейін хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу жұмыстарына Төтенше жағдайлар министрі, Қорғаныс министрі және Бердібек Сапарбаев қатысқаны хабарланды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929625-zambyl-oblysynda-qaza-tapqan-us-adamnyn-kim-ekeni-anyqtaldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.