Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шымкентте газдың жоқтығына наразы жұрт жолды жауып тастады

Опубликовано:

Пәтер
Көрнекі сурет: Елорда әкімдігі

Газдың жоқтығына наразы болған шымкенттіктер жолды жауып тастады. Өйткені Шымкент-сити жаңа шағын ауданындағы көпқабатты тұрғын үйлерге көгілдір отын жеткізуге уәде берген шенеуніктер сөзінде тұрмаған деп хабарлайды Хабар 24.

Телеарнаның мәліметінше, тұрғындар "бармаған жеріміз, қақпаған есігіміз қалмады" деп ашынып отыр.

Олардың сөзінше, биыл "Нұрлы жер" бағдарламасы аясында берілген баспана талапқа сай емес. Су сапасыз, көгілдір отын мүлде жоқ. Жиылып жолды жабуларына да осы олқылық себеп болған.

"Бізде су мәселесі, жоғары жаққа қарай қысым жетіспейді. Судың иісі бар. Лас, жаман иіс шығады, темірдің иісі. Ішуге жарамсыз", - дейді тұрғын Айгерім Қаражанова.

"Келгелі бері анда-санда жарық болмайды. Газ алты айда қосылады деген. Алты ай емес одан бері тоғызыншы ай кетіп жатыр. Бәрімізде қыстың қамы ғой, есік-терезелер өте нашар. Сапасы өте төмен", - дейді тағы бір қала тұрғыны Нұрғиса Әсілов.

Тұрғындардың талабын тыңдауға жауаптылар да келді. Олардың айтуынша, шаһардағы газ мәселесі жаңа газ тарату станциясы іске қосылғаннан кейін ғана қалыпқа келмек.

Оған қоса бұл тек Шымкент-сити шағын ауданының емес, жалпы шаһардың мәселесі көрінеді.

"Қалада газ қысымы жетпейді. Қыстыгүні көп үйлерде газ жоқ. Сондықтан АГРС-3-ті салды. Оны биыл, осы жылу маусымының аяғына дейін тапсырамыз. 98 пайызы бітіп қойды", - дейді қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының басшысы Боранбай Болатбеков.

Дегенмен әбден қажыған жұрт уәде орындалмаса, енді әкімдікке жиналатындарын айтып отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1929709-symkentte-gazdyn-zoqtygyna-narazy-zurt-zoldy-zauyp-tastady/

pixel