jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Сәке Қанатұлы
Сәке Қанатұлы
Бұрынғы қызметкер

Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасының өсуімен қалай күресетінін айтты

Азық-түлік11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев Үкімет отырысында азық-түлік бағасының өсуімен қалай күресетінін айтты деп жазады BAQ.KZ.

Оның сөзінше, мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру үшін азық-түлік бағасының өсуіне қарсы күресте Үкімет пен әкімдердің негізгі күш-жігерін тауар өндірісінің, экспорт пен импорт балансын ескере отырып, ішкі нарықты жан-жақты толықтыруға жұмсау керек.

Инфляцияны 2022 жылы нысаналы дәлізге қайтару бойынша Жолдауда қойылған міндеттерді тиімді түрде шешу үшін 2021-2023 жылдарға арналған инфляцияға қарсы әрекет ету шараларының кешені әзірленіп, келісудің соңғы сатысында тұр, деді ұлттық банк төрағасы.

Досаев мемлекет басшысы жолдауда монетарлық емес факторлар әсерінің ұлғаюын, әсіресе, азық-түлік бағасының өскенін айтқанын жеткізді.

"Макроэкономикалық саясатты үйлестіру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған келісіммен бірге бұл шаралар инфляцияның азық-түлікке жататын және азық-түлікке жатпайтын бөліктерінің монетарлық емес факторларын айтарлықтай төмендетуді қамтамасыз етуге, орта мерзімді негізде болжамды және теңгерімді тарифтік саясатты қамтамасыз етуге тиіс", - деді ұлттық банктің төрағасы.

Ұлттық банк төрағасы азық-түлік бағасының өсуімен қалай күресетінін айтты

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.