Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жер алып беремін": Алаяққа сенген түркістандық азамат 1,5 миллион теңгесінен айырылды

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Жер алып беремін" деп Түркістан облысының тұрғынынан 1,5 миллион теңге алған алаяқ қолға түсті деп хабарлайды Polisia.kz.

31 тамыз күні Шымкенттің әл-Фараби аудандық полиция басқармасының "102" нөміріне Түркістан облысының тұрғыны арызданған.

Ол өз арызында бейтаныс адам "жер алып беремін" деп 1,5 миллион теңге ақшасын алаяқтық жолмен алғанын айтқан.

Осыдан кейін аймақтың криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізіп, күдікті ретінде Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, бөлімшеге жеткізілген.

Қазіргі уақытта ұсталған адамның басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Тексеру жұмыстары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қызылорда қалалық полиция басқармасына алданып қалған 43 жастағы тұрғын арыз түсірген еді.

Ол мемлекеттік бағдарламамен сол жағалауда жаңадан салынып жатқан көпқабатты үйлердің бірінен пәтер алып беремін деп сеніміне кіріп, алаяқтық жолмен 920 мың теңге көлемінде қаржысын иемденген азаматқа қатысты заңды шара қолдануды сұраған.

Одан бөлек, Нұр-Сұлтан қаласында жоқ пәтерлерді жалға беретін жас жігіт ұсталғанын хабарлаған едік.

24 жастағы жігіт бірқатар алаяқтық әрекет жасады деген күдіктеліп отыр. Ол пәтерлерді жалға беретіні жайлы ақпаратты жеке хабаландырулар сайтында жариялап отырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930102-zer-alyp-beremin-alayaqqa-sengen-turkistandyq-azamat-15-million-tengesinen-aiyryldy/

pixel