Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркіменстанда алимент төлемегендерді мақта теруге жіберіп жатыр

Опубликовано:

Мақта
Көрнекі фото: pixabay.com

Түркіменстан билігі алимент төлемегендерді мақта жинауға мәжбүрлеп шығарып жатыр. Бұл туралы Орталық Азияның жаңалықтар қызметі Азатлык тілшісіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның жазуынша, ресми емес мәлімет бойынша, Түркіменстанда алимент төлейтін ондаған мың адам бар. Олардың дені жұмыссыз. Оларды мақта теруге жіберумен полиция қызметкерлері айналысып жатыр.

Билік мұны мақта жинауды тиімді ету мақсатында деп түсіндірген. Ал тұрғындар мұны еңбекке мәжбүрлету деп түсінуде екен.

Былтыр қазан айында Лебапского уәлаятының билігі алимент төлемегендердің суретін қоғамдық орындарда жариялаған.

Сарапшылар пікірінше, Түркіменстанда экономикалық ахуалдың төмендігінен ажырасу да көбейген.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық азамат алимент бойынша қарызын төлемегені үшін 2 бөлмелі пәтері мен автокөлігінен айырылғанын жазған едік.

Министрлік таратқан ақпаратқа сәйкес, 2017 жылдан бастап борышкер үш баласына алимент төлемеген. Осы уақыт ішінде оның алимент бойынша қарызы 21 миллион 600 мың теңгеге жеткен.

Борышкер бірнеше рет жеке сот орындаушысына шақырылып, балаларын асырау үшін алимент төлеу қажеттілігі туралы ескертілген. Алайда ол сот шешімін орындаудан бас тартқан. Сондықтан ол өз міндетін орындамағаны үшін жеке мүлкінен айырылған.

Жалпы, елімізде алимент төлеуден жалтарған жағдайда бірқатар жаза қарастырылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930142-turkimenstanda-aliment-tolemegenderdi-maqta-teruge-ziberip-zatyr/

pixel