jitsu gif
Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
Риза Шайқақ
Риза Шайқақ
Бұрынғы қызметкер

«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

жел
Көрнекі фото: sterhluki.ru

«Қазгидромет» РМК-сы Қазақстан өңірлерінде 3 қыркүйекте болатын ауа райына байланысты ескерту жариялады.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 3 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында нөсер жауын жауады. Облыстың солтүстік-батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Оралда кей уақытта найзағай ойнап, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан, оңтүстіктен соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Қызылорда облысында 3 қыркүйекте күндіз, 4-5 қыркүйекте шығыстан соққан жел солтүстікке ауысып, күші 15-20 м/с болады. Төтенше өрт қаупі сақталады.

3 қыркүйекте күндіз Ақтөбе облыстың оңтүстігінде шаңды дауыл тұрады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, түнде облыстың батысында, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады. Өңірдің басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады. Ақтөбеде 3 қыркүйекте күндіз оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында шығыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қауіпі сақталады.

Атырау облысының батысында және орталығында найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, найзағай кезінде желдің жылдамдығы секундына екпіні 15-20 метрге дейін жетеді. Атырауда кей уақыттарда найзағай ойнайды. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

Маңғыстау облысының батысында 3 қыркүйек күні күндіз шаңды дауыл тұрады. Түнде облыстың солтүстік батысында, күндіз облыстың солтүстік-шығысында, оралығында найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан жел соғып, облыстың батысында, солтүстік-шығысында желдің күші секундына 15-20 метрге жетеді.

Ақтауда күндіз шаңды дауыл тұрып, солтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с болады. Қарағанды облысының оңтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман түседі. Облыстың оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Күндіз 3 қыркүйекте Қостанай облысының батысында оңтүстіктен жел соғып, күші секундына 15-20 метрге жетеді. Оңтүстік-батысында төтенше өрт қауіпі сақталады.

Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан жел соғып, күші 15-20 м/с болады. Петропавлда оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

«Қазгидромет» Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады

Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

Instagram
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.