Алматыда неліктен қаңғыбас иттер мен мысықтар көбейіп кетті
Жарияланған күні:
"Kare-Забота" қоғамдық қорының президенті Юлия Коваленко брифинг барысында Алматы қаласында қаңғыбас жауарлардың неліктен көбейіп кеткенін түсіндірді деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оның сөзінше, мегаполисте қаңғып жүрген жануарлардың 85 пайызы бұрынғы үй жануарлары.
Көбі адасып, жоғалып кеткендер, дейді Юлия Коваленко.
Сонымен қатар маман қалада ит пен мысық ұстайтын адамдардың саны аз екенін, ал олар шектен тыс көбейіп жатқанын айтты.
"Бір ит жылына 20-ға жуық күшікті, ал бір мысық 15-ке жуық марғауды дүниеге алып келеді. Дегенмен бұл жануарларды асырап алғысы келетіндер саны өте төмен болып отыр. Сол себепті жылына мыңдаған күшік пен марғаулар далада қалып жатыр. Күнделікті тәжірибемізде ешкімге керек емес, далаға тастап кеткен күшік немесе мысық салынған қораптар мен сөмкелерді кездестіреміз. Ондай жағдайды қаланың әр түкіпірінен көруге болады. Бұндай жағдайдың орын алуына үй жануарларының көбейуін ешкім реттеп, бақылап жатқан жоқ. Оған қоса бізде үй жануарларын стерелизациядан өткізу деңгейі өте төмен",-дейді Юлия Коваленко.
Сарапшының айтуынша, тұрғындар ит немесе мысығы балалаған соң оны көшеге тастап кетеді, оның ары қарайғы өміріне жауапкершілік алмайды. Ондайды болдырмас үшін тұрғындар үй жануарларын стерилизациядан өткізіп отыру керек, бірақ оған көпшілік ақшасын қимайды екен. Енді алматыда қабылданған жаңа бағдарлама аясында қаладағы 45 мыңға жуық үй жануары тегін стерилизациядан өтеді, дейді Юлия Коваленко.
Оның дерегінше, 2017 жылға дейін қалада қаңғыбас жануарларды реттеудің жалғыз тәсілі оларды ұстап әкету болған. Дегенмен бұл әдіс тиімсіз әрі гуманды емес.
"Қазір қалада қанша қаңғыбас жануар бар екені белгісіз. Көптеген елдер қаңғыбас жануарлар санын реттеу бойынша кешенді жұмыстар жүргізді, бізде соған келе жатырмыз. Қазір қалада қаңғыбас жануарлар санын реттейтін бағдарлама іске асқалы жатыр. Мұндай шаруаны мемлекеттің қолдауынсыз іске асыру мүмкін емес",-дейді маман.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930308-almatyda-nelikten-qangybas-itter-men-mysyqtar-kobeiip-ketti/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.