Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда Ashyq-тағы статусы екі түрлі ғашықтардың кездесуі өтпей қалды

Опубликовано:

Ашық
Фото: exk.kz / Александр Пролыгин

Павлодарда рестобарға келген қос ғашық күтпеген жайтқа тап болды. Бойжеткеннің Ashyq жобасындағы мәртебесі "жасыл" болғанымен, ер адамға "көк" түс жанған деп жазады "Экспресс К".

"Біз оларға демалыс күні Ashyq қосымшасына байланысты ғимаратқа кіре алмайтынын айттық. Осы қосымша бойынша бізге әрбір үшінші келушінің мәртебесі "көкті" көрсетеді. Біз мұндайларды ғимаратқа кіргізе алмаймыз", - дейді ресто бар.

Дереккөз: "Экспресс К", Александр Пролыгин

Еске сала кетсек, тамыз айының соңында еліміздің бас санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды.

Құжатта демалыс күндері Ashyq жобасына қатысатына бизнес нысандарының қызметіне сағат 00.00-ге дейін, ал көшбасшы ныандарға сағат түнгі 02:00-е дейін жұмыс істеуге рұқсат берілді. Алайда келушілер мен қызметкерлердің мәртебесі "жасыл" болуы тиіс.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930310-pavlodarda-ashyq-tagy-statusy-eki-turli-gasyqtardyn-kezdesui-otpei-qaldy/

pixel