Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Коронавирус: Түркістан облысы "жасыл" аймақта

Опубликовано:

Коронавирус
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

5 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.

"Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Маңғыстау және Павлодар облыстары.

"Сары" аймақта: Жамбыл, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстары.

"Жасыл" аймақта: Түркістан облысы.

Айта кетейік, Атырауда коронавирус инфекциясын жұқтырған екі жасар бала жансақтау бөлімінде жатыр.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жанар Садуованың мәліметінше, биылғы қаңтардан бері 2 283 бала коронавирус инфекциясын жұқтырған.

"Жыл басынан бері 141 бала стационарларда емделген. Оның ішінде 3 бала жансақтау бөлімінде жатқан. Қазір инфекциялық стационарда 10 бала емделіп жатыр. Жансақтау бөлімінде оқшауланған 2019 жылғы бір баланың жағдайы ауыр",- -дейді Жанар Садуова.

Оның мәліметіне сүйенсек, қазір 389 бала амбулаторияда бақылау арқылы емделуге жіберілген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1930479-koronavirus-turkistan-oblysy-zasyl-aimaqta/

pixel